16 сәуір 2015 15:14

Алматылықтар "Орел и Решка" жобасына ұқсас бағдарлама түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vk.com @Vk.com

Алматылық жастар "С любовью из..." деп аталатын саяхат туралы бағдарлама түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте бағдарлама екі жүргізушіден тұратын әйгілі "Орел и Решка" жобасымен салыстырылып жатыр.


Алматылық жастар "С любовью из..." деп аталатын саяхат туралы бағдарлама түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте бағдарлама екі жүргізушіден тұратын әйгілі "Орел и Решка" жобасымен салыстырылып жатыр.

Украиналық бағдарламада жүргізушілердің бірі демалыс күнінде 100 долларға өмір сүреді. Екіншісі болса қалағанынша ақша жұмсайды. Қазақстандық бағдарламада жүргізушілердің бірі демалыстың экстремалды түрін, қаланың түнгі өмірін көрсетсе, екіншісі  мегаполистің мәдени өмірімен таныстырады. Жұмсалған қаражат көрсетілмейді.

"Бірінші бөлімде сүйікті қаламыз Алматы туралы түсірілді. Түсіруге екі апта уақыт кетсе, бір ай бойы монтаж жұмысын жүргіздік. Біз бұл жұмысқа барымызды салдық. Жобамыздың "Орел мен Решканы" ойға түсіретіні өкінішті. Біз отандық жоба жасауға тырыстық. Мазмұны "Орел и Решкаға" еш ұқсамайды", - деді идея авторы әрі режиссері Әбділ Фифтибаев.

Идея авторның айтуынша, жүргізушілер қазақстандық танымал әртіс Дария Александрова мен Рауан Иманғалиев болды. "Мен YouTube-тен Дарияның видеоблогын көріп қалдым, оның маған жүргізушілік қабілеті ұнады. Дарияның камера алдындағы шынайылығы мен ашықтығы мені баурап алды. Екінші жүргізуші әртіс Дәурен Айдарқұлов болуы керек еді. Бірақ ол түсірілім уақытында болмағандықтан Рауанды шақырдық", - деді ол.

Бірінші маусымда жоба авторлары әлемнің 12 ірі қаласын аралап шығуды жөн көріп отыр. Айта кетейік, қазір алматылықтар бағдарламаны өз қаражаттарына түсіру үстінде. Олар жобаның өз ерекшелігі болатынына, оның "Орел и Решка" бағдарламасымен салыстырылмайтындығына сенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети