23 тамыз 2016 15:33

Филиппиндік балықшы 10 жыл бойы 100 миллион доллар тұратын 34 келі інжу тасты сақтап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© traveliving.org © traveliving.org

Филиппиндік балықшы Палаван аралындағы өз үйінде бойтұмар ретінде он жыл бойы 34 келі інжу тасты сақтап келген. Ол өзі тауып алған олжасының қанша тұратынын білмеген, - деп хабарлайды Reuters.


Филиппиндік балықшы Палаван аралындағы өз үйінде бойтұмар ретінде он жыл бойы 34 келі інжу тасты сақтап келген. Ол өзі тауып алған олжасының қанша тұратынын білмеген, - деп хабарлайды Reuters.

Daily Mail басылымының мәліметінше, балықшы інжу тастың құны туралы тек өзінің үйі өртеніп кетіп, Пуэрто-Принсеса қаласының туризм саласының қызметкерлеріне алып келгенде білген.

"Ол мұның қанша тұратынын білмеген, сондықтан оны бойтұмар ретінде сақтаған", - дейді басылым ведомствоның қызметкері Эйлин Синитии Амураоның сөзіне сілтеме жасап. 

Қызметкердің айтуынша, інжу тасты геммолог ғалымдар сертификаттауы тиіс. Балықшының табысын бүгін жұртшылыққа көрсеткен. Аралдың билігі інжу тастың арқасында туристер көбейе түсетініне сенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети