05 маусым 2014 | 09:27

"Гульнар тур" ақтөбелік отбасыға өтемақы төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет diapazon.kz сайтынан алынған Сурет diapazon.kz сайтынан алынған

"Гульнар тур" туристік фирмасы Таиландтағы шырқы бұзылған демалыс үшін ақтөбелік отбасыға өтемақы төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Гульнар тур" туристік фирмасы Таиландтағы шырқы бұзылған демалыс үшін ақтөбелік отбасыға өтемақы төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік Гүлмира Ілиясова "Гульнар тур" туристік фирмасынан жолдама сатып алған. Оның сөзіне қарағанда, келеңсіздіктер осы жақтан-ақ басталған. Олар әуежайда ұшақты 14 сағат тосқан. Тайландқа жеткен соң қонақ үйге дейін 10 сағат жүріп барған. Ал туристік фирма "әуежай мен қонақ үйдің арасы 4 сағаттық жол" деген екен.

Туристік жолдамаға тек таңғы ас кіргізілген. Ал тамақ сатып алайын десе жақын маңда не дүкен, не асхана болмаған. Ал ақша айырбастау пункті қонақ үйден 20 шақырым жерде орналасқан. "Вояж" ЖШС туристік фирмасы ("Гульнар тур" фирмасының серіктесі) қонақ үйді қайта брондаған, ал отбасы бар ақшасын соған жұмсаған. Демалыстан қайтып келген соң Ілиясова "Гульнар тур" туристік фирмасын сотқа беру туралы шешім қабылдаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі "жауапкер талап-арызбен келіспеді. Тексеру барысында, туристік фирманың демалушыға дұрыс ақпар бермегені, сапасыз қызмет көрсеткені анықталды. Сот "Гульнар тур" туристік фирмасын Ілиясованың отбасына 160 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді" деп мәлімдеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети