25 қараша 2019 16:32

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс қазақ тілінде, екінші рейс орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Автобустардың қозғалыс кестесі:

"AiLand" аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10.00 (орыс тілінде); сағат 12.10 (қазақ тілінде); сағат 14.30 (орыс тілінде); сағат 16.40 (қазақ тілінде); сағат 18.50 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей, "Астана Бәйтерек" монументі және"AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

"Астана Бәйтерек" монументі аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10.30 (қазақ тілінде); сағат 12.40 (орыс тілінде); сағат 15.00 (қазақ тілінде); сағат 17.10 (орыс тілінде); сағат 19.20 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы. "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей және "Астана Бәйтерек" монументі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети