13 мамыр 2014 | 17:18

Үкімет негізгі бес туристік аймақты белгіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Бүгін ел Үкімет Қазақстанның туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ел Үкімет Қазақстанның туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевқа сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, Қазақстанның туризм саласын дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеп шықты. "Біз негізгі бес туристік аймақты анықтап алдық. Олар - Астана мен Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Осы аймақтардың аясында біз туризмді дамытатын боламыз. Егер біз барлық шараларды атқарып шықсақ, онда 300 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашып, туризм саласындағы жеке меншік капиталды 6,5 миллиард теңгеге дейін жеткізе аламыз", - деді Н.Сауранбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Вице-министрдің айтуынша, отандық туризм саласын дамыту мақсатында визалық режимді жеңілдету, әуе билеттерін арзандату сияқты ұсыныстар жасалды. Үкімет оның барлығын шешуге әзір. "Біздің жанымызда Ресей жатыр. Ол жақтан 58 миллион (жыл сайын - авт.) турист шығады. Ал Қытай шамамен 98 миллион туристті береді. Демек, олар екеуі бірігіп, 150 миллионнан астам туристті бере алады. Олардың барлығы бізге келсе, Қазақстанның туризм саласы үшін ол үлкен жетістік болатын еді", - деп атап көрсетті Н.Сауранбаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети