14 қазан 2015 11:24

Украинаның "Орел и решка" бағдарламасы Алматыда жасалған шопингті көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы туралы "Орел и решка. Шопинг" бағдарламасы эфирге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл бағдарламаның саяхатшыларға әлемнің қай қалаларында қандай қызықты тауарларды сатып алуға болатынын және оны қалай тиімді етіп жүзеге асыруға болатынын айтатыны белгілі.


Алматы туралы "Орел и решка. Шопинг" бағдарламасы эфирге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл бағдарламаның саяхатшыларға әлемнің қай қалаларында қандай қызықты тауарларды сатып алуға болатынын және оны қалай тиімді етіп жүзеге асыруға болатынын айтатыны белгілі.

"Шопинг" - 2014 жылы 15 ақпанда эфирге шыққан "Орел и решка" бағдарламасының қосымша жобасы. Ұзақтығы 40 минутқа созылатын бағдарламаның жүргізушілері дүкендердің, базарлардың, қала дәмханаларының атауын көрсетіп, ондағы заттардың бағасы туралы әңгімелейді. Бағдарлама жүргізушілері - модель әрі тележүргізуші Мария Ивакова мен музыкант Антон Лаврентьев.

Бағдарламаның жүргізушісі Мария Ивакованың Қазақстанның тумасы екені анықталды. Алматыға келерде оған алтын карта, ал Антонға жүз доллар түсті. Жүргізушінің эфир барысында әдемі таулар қоршаған қалада кеңестік мұра мен ата-баба дәстүрі үйлесімін тапқан, деп мәлімдеді. Маша бірінші кезекте қазақстандық дизайнер Камила Құрбаниге аттанды және одан ұлттық оюы бар жылы күртені сатып алды. Кейін дизайнер Ая Бапаниден киізден тігілген пальто алды.

Ал Антонның сапары шопингтен гөрі қазақтың ұлттық нышандарын жинауға көбірек ұқсады. Ол киізден пиманың ғана жасалмайтынын білді. Атқа міну үшін қамшы мен қос ішекті домбыра сатып алды. Сонымен қатар, ол Орталық базарға барып қымыз, құрт пен ірімшіктің дәмін татты.

Айта кетейік, "Орел и решка" бағдарламасы Алматыда 2013 жылы түсірілген болатын. Ол кезде оңтүстік астанаға жүргізуші Андрей Бедняков пен Анастасия Короткая келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети