Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

General Motors АҚШ-қа тағы 3,36 миллион көлікті кері қайтарды

17 Маусым 2014, 10:24
0
 proftr.ru сайтынан
proftr.ru сайтынан

Америкалық General Motors автоконцерні автокөліктердегі түрлі ақауларға байланысты кері қайтаруда туған даудың аясында АҚШ-қа тағы 3,36 миллион көлікті кері қайтаратын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Бұған дейін шамамен 3,2 миллиона автокөлік оталдыру құрылғысындағы ақауларға байланысты кері қайтарылған болатын. Тағы 165 мың көлік басқа да кемшіліктеріне байланысты кері жіберілген. 

Біраз уақыт бұрын General Motors түрлі ақаулары бар көліктердің кесірінен жол апатына ұшырағандарға өтемақы төлеу қорын құратындығын хабарлаған болатын. Сарапшылар өтемақының көлемі 1,5 миллиард долларды құрайды деп топшылап отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында General Motors концернінің вице-президенті мен кейбір қызметкерлері кемістігі бар көліктерді уақытында кері қайтармағаны үшін қызметтен босатылған еді. Автокөліктердің кері қайтарылатыны тек ақпан айында жарияланды. Негізінде көліктердің оталдыру құрылғыларындағы ақаудың бар екені 2004 жылы-ақ белгілі болған көрінеді. Бұрын концерн 2,6 миллион көлікті кері қайтарыпты. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай