Lego АҚШ прокатында Джордж Клуниді басып озды

10 Ақпан 2014, 11:38
0
Lego АҚШ прокатында Джордж Клуниді басып озды -  "Лего" фильмінен үзінді
"Лего" фильмінен үзінді
Атақты "Lego" ойыншықтары туралы (The Lego Movie) мультфильм АҚШ прокатында Джордж Клуниді басып озды, деп хабарлайды Boxoffice.

Режиссер Фил Лордтың Лего ойыншықтарын насихаттауға арнаған "Мачо и ботан", "Күн алабұлтты, фрикаделек түрінде жауын жауады" деп аталатын бұл мультфильмі өткен демалыс күндері ғана АҚШ прокатында орта есеппен 69,1 миллион доллар жинаған.

Атап өтейік, Фил Лорд мырза Лего ойыншықтары туралы мультфильмге шамамен 60 миллион доллар қаржы жұмсалыпты.

АҚШ прокатында соңғы екі күнде көп қаржы жинағандар қатарында сондай-ақ әскери драма "Қазына іздеушілер" (The Monuments Men) 22,7 миллион доллармен тізімнің екінші сатысынан көрінсе, "Бірлескен саяхат" (Ride Along) атты полицейлер комедиясы үшінші орынға шығып, 9,3 миллион доллар жинаған.



  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай