28 сәуір 2015 08:25

Афроамерикалықтың өлімінен кейін Балтиморда тәртіпсіздік болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында афроамерикалықтың өліміне байланысты наразылық білдірушілермен полицейлер арасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды CNN.


АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында афроамерикалықтың өліміне байланысты наразылық білдірушілермен полицейлер арасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды CNN.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ашуға булыққан адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күннің екінші жартысында шабуыл жасады. Наразылық білдірушілерге қарсы жас ағызғыш газ қолданылды. "Қаланың тұрғындары мен қызметкерлерімізді қорғау үшін барлық қажетті шараны қолдануға ниеттіміз", - деді полициядағылар. Сонымен қатар, белгісіздердің бірнеше дүкенді тонап, көліктерді бүлдіргені айтылады.

Балтимордағы тәртіпсіздіктерге байланысты қала орталығындағы бірқатар дүкен мен кеңселер жабылып қалды, Мэриленд университеті де жұмыс істеп тұрған жоқ. Қақтығыстар болған көшелер қоршауға алынды. Полиция өкілі Эрик Ковальчактың айтуынша, тәртіпсіздік салдарынан Балтиморда 15 полицей зардап шекті, 27 адам ұсталды.

Мэриленд штатының губернаторы Лари Хоган қалада төтенше жағдай жариялады. Губарнатордың хатында Балтимордағы жағдайды шешу үшін штаттың ұлттық гвардиясы жұмылатыны айтылған. Қала мэрі Стефани Ролингс-Блэйк өз кезегінде сағат 22.00-ден таңғы 5.00-ге дейін комендант сағатын енгізді.

Балтимордағы тәртіпсіздіктер 25 жастағы афроамерикалық Фреди Грэйдің өлімінен кейін басталды. Қара нәсілді ер адамды тәртіп сақшылары ұстаған сәтінде оны жарақаттаған. Оның омыртқасы сынғаны анықталды. Ол 20 сәуірде ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети