Ақ үй Обаманың қызының суреті Instagram желісінде қалай пайда болғанын анықтап жатыр

09 Қаңтар 2015, 09:30
0

Ақ үй АҚШ президенті Барак Обаманың үлкен қызы Малияның суреті Instagram желісіндегі рэп орындайтын топтың парақшасына жарияланғанына байланысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

16 жастағы Малия Обама суретте Pro Era рок-тобының логотипі бар ақ жейде киіп тұр. Орындаушының өкілі Joey Bada$$ ұжымның бұл суретті "ортақ достарынан" алғанын айтты. Ақ үй суреттің түпнұсқасын және оның Интернетке қалай тарап кеткенін тексеріп жатыр. 

Телеарнаның айтуынша, 2013 жылы Мишель Обама сұхбаттарының бірінде Малияның тек Facebook желісіне ғана кіруге рұқсаты бар екенін, ал кенже қызы Сашаның әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынғанын айтқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай