24 желтоқсан 2014 10:43

АҚШ гейлердің донор болуына салынған тыйымнан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото medvesti.com сайтынан алынды Фото medvesti.com сайтынан алынды

АҚШ гейлердің донор болуға қойылған шектеулерін алып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости Американың азық-түліктерге және дәрі-дәрмектерге бақылау жасау басқармасына (FDA) сілтеме жасап.


АҚШ гейлердің донор болуға қойылған шектеулерін алып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости Американың азық-түліктерге және дәрі-дәрмектерге бақылау жасау басқармасына (FDA) сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, гомосексуал және бисексуал еркектер соңғы рет біржынысты қатынасқа түскеннен кейін 12 ай өткенде ғана қан тапсыра алады. Бұрын оларға қан тапсыруға өмір бойына тыйым салынған. "Қазір 12 айдан аз мерзім ішінде қанның қауіпсіз болатынын дәлелдейтін ешқандай ғылыми мағлұмат жоқ", - деген түсінік берген еді FDA қабылдаған "жылдық карантин" шешіміне қатысты.

АҚШ-тың бұл қадамы дәстүрлі емес жыныстық ориентациядағы адамдар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың жеңісі деп бағаланып отыр. Енді гейлер донор болуда күретамырына есірткі қабылдағандармен, гетеросексуал еркектермен, жезөкшелердің қызметіне жүгінгендермен тең құқылы. 

Айта кетейік, АҚШ-та 1983 жылы гейлерге донор болуға өмір бойына тыйым салынды. Ол кезде бұл елде ВИЧ/СПИД індетінің бірінші кезеңі тарады, індет ол кездері көбінесе гомосексуал еркектерден тарады. Қазір де вирус таратушылардың 60 пайызы - гейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети