13 маусым 2014 09:52

АҚШ Иракта әскери қимыл жасауы мүмкін екенін жоққа шығармайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның Иракты Исламдық Ирак және Леванта елдерінің лаңкестік топтарынан қорғаудың барлық нұсқаларын қарастырып жатқанын мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP ақпарат қаралына сілтеме жасап.


"Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның Иракты Исламдық Ирак және Леванта елдерінің лаңкестік топтарынан қорғаудың барлық нұсқаларын қарастырып жатқанын мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP ақпарат қаралына сілтеме жасап.

"Ирак АҚШ-тың және халықаралық қауымдастықтың көмегіне зәру. Мен ештеңені де жоққа шығармаймын" деді Обама. Ол, Вашингтон жихадшылардың Иракта не Сирияда нығаюына жол бермеуіне мүдделі" деді.

Бұған дейін белгілі болғандай, Ирактағы жағдай күрт шиеленіскен. Ирак және Леванта ислам елдерінің лаңкестік топтарының жасақшылары Ирактың солтүстігіндегі ірі Мосул және Тикрит қалаларын басып алып, Багдадқа шабуыл жасауға дайындалып жатқаны мәлім болған еді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ирактағы жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдірді және Исламдық Иракқа және Леванта елдерінің лаңкестік топтары жасақшыларының Мосул қаласындағы Түркия консулдығының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қамауға алғанын қатаң айыптады.

Естеріңізге салсақ, АҚШ Иракқа 2003 жылы басып кірген болатын. Иракқа басып кірудің ресми себебі американ және баритан барлаушыларының "Ирак президенті Саддам Хусейннің билігі жаппай қырып-жою қаруына ие" деген дәйегі болған. 4,5 мың американ әскерінің өмірін қиған соғыс соңы Саддам Хусейн билігін жоюмен аяқталған еді. Бұл соғыста жүз мыңдаған бейбіт тұрғын қаза болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети