25 шілде 2014 08:54

АҚШ Конгресі Обамаға қарсы айыптауға дауыс береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пит Сешнс. Сурет  redstate.com сайтынан алынған Пит Сешнс. Сурет redstate.com сайтынан алынған

"АҚШ Конгресі өкілдері Палатасының регламенттік комитеті президент Барак Обаманы өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа тарту туралы ұсынысты қарауға дауыс берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Politico ақпарат құралына сілтеме жасап.

Дауыс беру келесі аптада өтеді деп күтілуде. "Заңдар-бұл президент қалағанын алатын ұсыныстар тізімі емес" деп мәлімдеді комитет төрағасы, республикалық конгрессмен Пит Сешнс.

Егер өкілдер Палатасы айыптауды мақұлдаса, онда ол федеральді сотқа жөнелтілетін болады. Сот құжаттың заңды күші бар, жоғын анықтайды. Егер судья айыптауды заңдық тұрғыдан негізді деп тапса, онда талап Обаманың әкімшілігіне беріледі. Бұл процесс толықтай жүзеге асу үшін бір ай уақыт қажет болады.

Обаманың Гуантанамо, иммиграциялық заңдылықтар мен денсаулық саласы бойынша базбір мәселелерді өз қалауымен шешкені республикалықтардың наразылығын тудырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети