01 қараша 2014 12:48

АҚШ мектебіндегі атыстан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.ru ©Vesti.ru

АҚШ мектебінде болған атыстан қаза тапқандардың саны үшеуге жетті, деп хабарлайды "Вести.Ru". Айта кетейік, 24 қазанда Вашингтон штатының Мэрисвилл қаласында жасөспірім асханаға жиналған сыныптастарына оқ атты.


АҚШ мектебінде болған атыстан қаза тапқандардың саны үшеуге жетті, деп хабарлайды "Вести.Ru". Айта кетейік, 24 қазанда Вашингтон штатының Мэрисвилл қаласында жасөспірім асханаға жиналған сыныптастарына оқ атты.

Қанды оқиға болған күні бір қыз қайтыс болды, екіншісі - Джиа Сориано ауруханада үш күн өткен соң көз жұмды. Ал үшіншісі 14 жастағы Шейли Чукулнаскит болды. "Ол өткен жұмада болған атыстан алған ауыр жарақатынан Провиденстегі өңірлік мелициналық орталығында қайтыс болды", - деді аурухана қызметкерлері. Оларды атқан Джейлин Фрайберг өз-өзіне құл жұмсады. 

Еске сала кетейік, мектепте болған жағдайдан тағы да үш адам жарақат алды. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтқан. Бұған дейін хабарланғандай, оқ атушыдан қашу үшін оқушылар оқу бөлмелері мен стол астында тығылған, полиция мектепті дереу қоршауға алды. Тергеушілер өлтірудің мотиві кек алу болғанын айтады. Фрайбергтің туыстары жасаөспірімнің қолынан қаза болған қыздардың бірі онымен кездесуден бас тартқанын, оның орнына ағасымен кездесетінін айтты деп есептейді. Алайда Фрайберг мектебінде абыройлы болғыпты, тіпті өткен балдардың бірінде "ханзада" титулын да алған көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети