27 наурыз 2014 15:53

АҚШ Ресейдің Украинаға басып кіруі ықтимал деп есептейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ барлау қызметі Ресейдің Украинаға басып кіруі ықтимал деп санайды. Бұл туралы арнайы қызметтердің CNN журналистеріне мәлім болған баяндамасында айтылады. АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері соңғы үш-төрт күн ішінде "үрейлі нышандар" байқалғанын аноним түрде хабарлаған.


АҚШ барлау қызметі Ресейдің Украинаға басып кіруі ықтимал деп санайды. Бұл туралы арнайы қызметтердің CNN журналистеріне мәлім болған баяндамасында айтылады. АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері соңғы үш-төрт күн ішінде "үрейлі нышандар" байқалғанын аноним түрде хабарлаған.

Америкалық шенеуніктердің пікірінше, қазір ресейлік жасақтардың әрекеті бөлімшелерінің саны мен қарулануы жағынан РФ армиясының Грузия мен Шешенстандағы соғыс алдындағы жағдайын еске түсіреді. АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері Ресей әскерінің Харьков, Луганск, Донецк бағытына қарай ойысуы мүмкін екенін айтады. Қазір ресейлік жасақтар Ростов, Курск, Белгород қалалары маңына орналасқан. АҚШ-тың мәліметінше, олардың ұзын саны - 30 мың адам. Америкалық әскерилер бұл оқу-жаттығуға қажетті адамдар санынан "әлдеқайда көп" деп есептейді. 

АҚШ өкілдерінің мәліметінше, Ресей жасақтары құрамына моторландырылған құрамалар, әуе қорғанысы күштері, атап айтқанда, Ресейдің өзге аймақтарындағы жасақтарға қарағанда анағұрлым ұтқыр көлік авиациясы кіреді. Сонымен бірге, америкалық тараптың пікірінше, жасақтардың шекаралас топтары күшейтіліп жатыр және қазір құрамына әуеге қарсы қорғаныс күштерін қосып алған. Барлық бөлімшелер ұрыс әрекеттеріне дайын жағдайда.

Күш құрылымдары өкілдері АҚШ Конгресін Ресейдің Украинаға басып кіру мүмкіндігі туралы хабардар еткен. Соның нәтижесінде Республикашылдар партиясының өкілдері АҚШ президентіне хат жолдап, алаңдаушылық білдірді. Америкалық депутаттардың хатына қарағанда, олар ресейлік әскерлер Приднестровьеге де жылжып, Балтық жағалауы аумағын басып алуы мүмкін. Генерал Филип Бридлав ресейлік жасақтардың Молдоваға басып кіруге жеткілікті екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама Ресейге Батыста біріккен майдан бар екенін ескерткен болатын. 
Подробнее:https://tengrinews.kz/usa/vtorjenie-rossii-na-ukrainu-schitaet-veroyatnyim-razvedka-ssha-252574/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети