21 қараша 2014 20:09

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джордж Крол. ©CA-news Джордж Крол. ©CA-news

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңа елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы америка елшісінің twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңа елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы америка елшісінің twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Сенат АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне Джордж Кролді тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Осы жылдың мамыр айында Құрама Штаттарының Өзбекстандағы елшісі Джордж Крол АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі болады деген мәлімет шыққан болатын.  

Шетелдің БАҚ-тарындағы мәліметтер бойынша, америкалық дипломат талай мәрте Өзбекстанның назарында болған. Мәселен, сөйлеген сөздерінің бірінде ол Ұлы Отан соғысын "қақтығыс" деп атады. 

"67 жыл бұрын аяқталған қақтығыс ортақ іс үшін күрескен елдер мен халықтарды біріктірді, олардың арасында Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары бар", - делінген Кролдің Өзбекстан халқына жолдауында. Сонымен бірге, елшінің "Өзбекстандағы демократия дами алады және басқаша көрінуі мүмкін" деген сөзді айтқан сұхбаты да біртүрлі бағаға ие болды.  

Осыған дейін 2013 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакстың Қазақстандағы миссиясы аяқталғаны хабарланған еді. Еске сала кетейік, Фэйрфакс Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директорының орынбасары қызметіне ауысуына байланысты қызметінен кеткен болатын. Содан бері АҚШ істерінің уақытша сенімді уәкілінің міндетін Қазақстандағы бұрынғы елші Джон Ордвей атқарып келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети