31 тамыз 2014 11:41

Америкалық ұшақ Атлант мұхитында апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©deita.ru ©deita.ru

Висконсин штатының әуежайынан ұшып шыққан америкалық ұшақ Атлант мұхитында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.ru Солтүстік Америка құрлығының біріккен әуе-ғарыш қорғанысы басқармасына (NORAD) сілтеме жасап. 

Апат болған жерге екі F-16 құтқару ұшағы ұшып кеткен. NORAD-тың мәлімдемесінде "ортақ тағайындаудағы ұшақ сауалдарға жауап бермегені" көрсетілген. Ал, РИА Новостидің мәліметі бойынша, ұшақ Висконсин штатының Уокешо әуежайынан ұшып, Виргиния штатындағы Манассас әуежайына бағыт алған. 

Еске салайық, 2014 жылдың қаңтарында тағы бір америкалық ұшақ Колорадо штатында апатқа ұшыраған. Төтенше жағдай Аспен тау шаңғысы шипажайының әуежайында болған. Апаттан бір адам қаза болып, екі адам жарақат алған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, америкалық ұшақ қону барысында апатқа ұшырап, кейін жанып кеткен. Ұшақ құлаған жерге тез арада өрт сөндірушілер жеткен. Америкалық ұшақ Тусон қаласынан келе жатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети