Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. АҚШ

Балалар мен жасөспірімдер Майамиде түнгі клубтағы атыстан зардап шекті 28 қыркүйек 2014, 23:44

Жанжалдың неден шыққаны және түн мезгілінде онда балалар мен жасөспірімдердің не себепті болғаны әзірше белгісіз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©CARL JUSTE/Miami Herald Staff ©CARL JUSTE/Miami Herald Staff

Майамиде түнгі клубта болған атыс кезінде балалар мен жасөспірімдер зардап шекті, - деп хабарлайды Miami Herald

11 мен 25 жастағы 15 адамға оқ тиді. Оқиға орнына келген полицейлердің айтуынша, түнгі клуб төңірегінде бейберекеттік болған. Клубқа келушілер атыстан зардап шеккен достарына көмектесуге тырысқан. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Куәгерлердің айтуынша, атыс кезінде клубта жүздеген адам болды. Көңіл көтеру орны үш апта бұрын ғана ашылған.

Жанжалдың неден шыққаны және түн мезгілінде онда балалар мен жасөспірімдердің не себепті болғаны әзірше белгісіз. 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram