Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Барак Обама Сирияға әскер жіберуден бас тартты

28 Мамыр 2014, 20:37
0

АҚШ президенті Барак Обама Сирияға әскер жіберуден бас тартты, - деп хабарлайды НТВ. Обаманың Сирияға қатысты жоспарын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри айтып берді.

Оның айтуы бойынша, Сирияға әскер жіберудің орнына АҚШ одақтастарымен белсенді жұмыс істеп, мағынасы әлі анықталмаған қосымша шараларды қарастырады. "АҚШ президенті Сирияға әскер жібермеу туралы шешім қабылдады,  бірақ одақтастарымен қарым-қатынас барысында қосымша шараларды қарастырады", - деді Керри.

Бұған дейін Ресейдің СІМ АҚШ-тың сириялық оппозиция әскеріне көмек көрсетуін сынаған болатын. Ресейді оппозиция өкілдеріне зенитті-ракеталы жиынтықтың жеткізілуі алаңдатып отыр. 

Еске салайық, сәуір айында АҚШ басшылары сириялық жауынгерлерге кеңейтілген әскери көмек көрсету туралы жоспар дайындап жатыр деген болатын. Жоспардың ішіне кеңейтілген жаттығу жоспарлары мен жауынгерлік топтарға, әсіресе Иордания аумағы мен Сирия шекарасында орналасқан жауынгерлерге қару-жарақтың жеткізілуін арттыру айтылған. Бірақ, зенитті-ракеталы жиынтық пен танкіге қарсы тұратын қару қарастырылмаған. Одан бөлек жаттығу жоспарларына АҚШ-тан басқа Сауд Арабиясы, Иордания, БАӘ және Франция қатыса алады. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай