28 қазан 2014 11:31

Федералдық тергеу бюросы тағы бір "Сноуденді" анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ федералдық тергеу бюросы құпия мәліметті БАҚ-қа жіберумен айналысқан "екінші Эдвард Сноуденді" анықтады, - деп хабарлайды Yahoo News. Еске салайық, АҚШ-та Эдвард Сноуден мемлекеттік мүлікті ұрлау, құпия мәліметтерге заңсыз қол жеткізу және оларды басқа мемлекеттердің арнайы қызметтеріне қасақана беру ісі бойынша айыпталып жатыр.

Мәліметтер жеткізудің жаңа дерегі бойынша ФТБ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, күдіктінің үйіне тінту жасалды. Қызметкердің журналистерге берген мәліметтері Intercept басылымында жарияланды. Онда АҚШ үкіметінің экстремистік топтармен байланыс жасау бойынша жұмыстың тиімділігі мәселесі қозғалған.  

Айта кетейік, Эдвард Сноуденнің қатысы бар дау 2013 маусым айында туды, ол кезде америкалық Washington Post және Guardian газеттеріне АҚШ-тың тыңшылық бағдарламаларына қатысты өзі әшкерелеген құжаттарды берген. Бұдан кейін ол Гонконгқа, сол жақтан Мәскеуге ұшты. 2014 жылдың тамыз айында Ресей оған үш жылға тұрақтауға рұқсат берді. Таяуда ол мәліметтерді шифрлауды қолданбайтын Google және Facebook сервистерінен бас тартуға шақырды. Бұрынғы агенттің айтуынша, бұл қызметтер "қауіпті". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети