10 қараша 2014 17:20

Кейуана 100 жылдық мерейтойын парашютпен секіріп атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©MICHAEL P. FARELLI/AP ©MICHAEL P. FARELLI/AP

Америкалық Элеонор Каннингхэм (Eleanor Cunningham) 100 жылдық мерейтойын парашютпен секіріп атап өтті, - деп хабарлайды The Daily Mail. БАҚ мәліметінше, ол секіру алдында шөпшегінің бетінен сүйді.


Америкалық Элеонор Каннингхэм (Eleanor Cunningham) 100 жылдық мерейтойын парашютпен секіріп атап өтті, - деп хабарлайды The Daily Mail. БАҚ мәліметінше, ол секіру алдында шөпшегінің бетінен сүйді.

Әженің парашютпен секіру тәжірибесі бар болып шықты және бірінші рет ол 90 жасында секіріп көрген. Ол 95 жасында да парашютпен секірген. Бұл секіруінің алдында дәрігерлер денсаулығының жақсы екенін және бұл іске дайын екенін айтыпты. Жүз жылдығына арналған мерейтойлық секірісіне дайындық кезінде Каннигхэмге жергілікті аэроклубтың кәсіпқойы көмектесті. Оның жерге сәтті қонғаны хабарланды. 

БАҚ мәліметінше, америкалық әженің бес баласы, он төрт немересі, 25 шөбересі және үш шөпшегі бар. Әже ұзақ жыл өмір сүруінің себебін жастармен қарым-қатынас жасаудан деп түсіндіріпті. 

Айта кетейік, осы жылдың қаңтарында британ Дорис Деардье жүз жылдық мерейтойын стриптиз билеушіні шақырып атап өткен болатын. Бұл кеш Англияның Ретфорд қаласындағы пабтарының бірінде өтті. Одан кейін стриптизер биіне әженің аса риза болғаны хабарланды. БАҚ мәліметінше, Деардье бастапқыда тыр жалаңаш ұшқышпен бірге атап өткісі келген екен, ұшқыш әжені өз тікұшағымен қыдыртуы керек болыпты. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін оларға ұшуға тыйым салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети