25 мамыр 2014 17:26

Сноуден АҚШ-қа оралуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ-қа ерекше жағдайда ғана оралуға дайын, - деп жазады Der Spiegel


АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ-қа ерекше жағдайда ғана оралуға дайын, - деп жазады Der Spiegel

Сноуденнің неміс заңгері Калек Шпигель оның клиенті отанына оралу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Сондай-ақ құқыққорғаушы Сноуден АҚШ басшыларымен мәмілеге келуге үмітті екенін айта кетті. Бірақ, Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері АҚШ-қа қандай шарттар қойғаны айтылмай жатыр. 

Еске салайық, 2013 жылдың маусым айында Эдвард Сноуден америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд адамның ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын жариялаған болатын. Кейіннен ол Гонконгтен Ресейге келген, бірақ Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында бөгеліп қалған. Ал 1 тамызда Ресей оған бір жылға баспана берген. Айта кетейік, АҚШ Сноуденді құпия мәліметтерді заңсыз таратты деп айыптауда.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети