20 шілде 2014 10:55

Темекі компаниясы қайтыс болған шылымқордың отбасына 23,6 миллиард доллар төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та сот Reynolds Tobacco компаниясын өкпе обырынан қайтыс болған шылымқордың отбасына 23 миллиард доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды НТВ.


АҚШ-та сот Reynolds Tobacco компаниясын өкпе обырынан қайтыс болған шылымқордың отбасына 23 миллиард доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды НТВ.

Пенсакола қаласының тұрғыны Синтия Робинсон темекі компаниясына қарсы 2008 жылы шағым түсірген. Оның күйеуі Майкл Джонсон 1996 жылы 36 жасында көз жұмған Сот ісі төрт аптаға созылған.

Адвокаттардың талап етулерінше, темекі компаниясы шылым шегудің зияны туралы ақпаратты адамдарға жеткілікті түрде жеткізе алмаған, ал бұл Джонсонның темекіге тәуелді болуының себептерінің бірі болып, ақыры көз жұмуына апарып соққан.

Әуелі қазылар Reynolds Tobacco компаниясы Робинсонның отбасына қарымақы ретінде 16,8 миллион доллар төлеуі керек деп шешкен болатын. Алайда бұдан кейін қосымша жеті сағаттық талқылаудан соң бұл соманы 23,6 миллиард долларға ұлғайтқан.

Айта кетейік, бұл штат тарихында қарымақы ретінде жеке тұлға төлейтін қомақты соманың бірі болып отыр. Ал темекі компаниясы бұл үкім сана-парасаттан тыс деп, соттың бұл шешімін бұзу туралы шағым түсіруге сыңай танытып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети