26 желтоқсан 2017 10:15

15 жастағы қыз көлік ішінде жыныстық қатынасқа түсемін деп мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stolicaonego.ru © stolicaonego.ru

Он бес жастағы қыз 19 жастағы жігітпен гараж ішінде жыныстық қатынасқа түсемін деп мерт болды, - деп хабарлайды Lenta.ru


Он бес жастағы қыз 19 жастағы жігітпен гараж ішінде жыныстық қатынасқа түсемін деп мерт болды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Оқиға Ресейдің Пенза облысында, жексенбіге қараған түні болған. Кәмелетке томаған қыз бен жігіт Lada Priora көлігінде болған, гараж қақпасы жабық тұрған. Жігіт жылы болсын деп көлікті оталдырып қойған.

"Біраз уақыттан кейін қыз бен жігіт әлсірей бастайды. Күдікті көлік қозғалтқышын сөндіріп, шығуға тырысқан. Өзінің айтуы бойынша, есінен танып қалған екен. Есін жиған соң гараждан шыға алған", - дейді полицейлер. 

Күдіктінің туыстары жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін қыз бала көз жұмған. Ал 19 жастағы жігітке қатысты Ресейдің Қылмыстық кодексіндегі "Абайсызда адам өлтіру" және "Он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу" баптары бойынша қылмыстық іст қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети