31 тамыз 2016 09:38

17 елдің допингке қарсы күрес агенттіктері WADA ұйымын қайта құрылымдауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS Christine Muschi © REUTERS Christine Muschi

17 елдегі допингке қарсы күрес агенттіктерінің басшылары Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке (WADA) соңғы кездері болған допинг дауларына қатысты өзгерістер енгізуге шақырды. Мұндай ұсыныс жасаған агенттіктердің қатарында АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдеріндегі допингке қарсы күрес агенттіктерінің өкілдері бар, - деп хабарлайды BBC News


17 елдегі допингке қарсы күрес агенттіктерінің басшылары Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке (WADA) соңғы кездері болған допинг дауларына қатысты өзгерістер енгізуге шақырды. Мұндай ұсыныс жасаған агенттіктердің қатарында АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдеріндегі допингке қарсы күрес агенттіктерінің өкілдері бар, - деп хабарлайды BBC News

Сондай-ақ, агенттіктердің басшылары бір уақытта басқа да спорттық ұйымдарда қызмет етуге мүмкіндік болу үшін WADA агенттігінің жұмысын тәуелсіз ету керектігін ұсынды. Қазіргі уақытта WADA басшысы Крейг Риди Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті қызметін де атқарып жүр.

Айта кетейік, өзгертулер енгізуге ұсыныс жасап отырған агенттіктердің басшылары қазіргі кезде спорттағы әділдіктің жойылып бара жатқанын айтып өтті. Осыған дейін де Рио-де-Жанейродағы Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке өзгертулер енгізу қажеттігін айтқан болатын. Сол кезде WADA оларға допингке қарсы жүйені қайта қарастыратынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, допингке қарсы ұлттық комитеттердің өкілдері мынадай ұсыныстарды айтты:

- агенттікте өзара жанжал тумас үшін спорттық ұйымдардан тестілеу, зерттеу және қандай да бір санкция қабылдау құқығынан айыру;
- WADA кодексіне өзгертулер енгізу;
- Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің мүмкіндіктерін кеңейту;
- спорттық ұйымға инвестициялау арқылы WADA жұмысын күшейту.  

Айта кетейік, бұл ұсыныстарға Австралия, Австрия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Жапония, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Сингапур, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ елдеріндегі допингке қарсы агенттіктердің лидерлері, сондай-ақ Копенгагендегі (Дания) Ұлттық допингке қарсы күрес институты қолдау білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети