21 тамыз 2015 11:07

2015 жылдың шілдесі соңғы 135 жылдағы ең ыстық ай болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Іnvestigator.org.ua © Іnvestigator.org.ua

2015 жылдың шілдесі 1880 жылдан бергі ең ыстық ай болды, - деп хабарлайды Вести.ru АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасына сілтеме жасап.


2015 жылдың шілдесі 1880 жылдан бергі ең ыстық ай болды, - деп хабарлайды Вести.ru АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасына сілтеме жасап.

Ұйымның мәліметінше, шілдеде орташа температура 16,6 градус болған. Бұл 1998 жылғы ең жоғары делінген көрсеткіштен 0,08 градусқа жоғары. Аустрияда өткен шілдеде 1767 жылдан бергі ең ыстық ауа райы тіркелген. Басылымның мәліметінше, 2015 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін.

Мамандар ауа температурасының жоғарылауына Жердің климатының өзгеруі мен Эль-Ниньо табиғи құбылысының әсер еткенін айтады.

Айта кетейік, аптап ыстық 2015 жылдың жазында Қазақстан аумағында да байқалды. Алматыда және Алматы облысында ыстыққа байланысты ескертулер жарияланды. Қалада ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілді. Дәл осындай көрсеткіш Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да байқалды. Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында 46 градус аптап ыстық болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети