11 сәуір 2017 20:07

23 жастағы қыз достарымен бірге такси жүргізушісін зорлап, қалтасындағы ақшасын алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Огайо штатының полициясы такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.  


АҚШ-тың Огайо штатының полициясы такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.  

Оқиға 28 қаңтарда болған, алайда, жергілікті БАҚ өкілдеріне жағдайдың мән-жайы енді ғана белгілі болды. Фримонт қаласының Бриттани Картер атты 23 жастағы тұрғыны екі қара нәсілді досымен Trinity Express Cab Service компаниясынан такси шақыртқан. Таксидің ішінде Кори Джексон атты 20 жастағы жолаушы 29 жастағы такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақайды, осы кезде қыз сексуалды сипаттағы әрекеттер жасаған. Осыдан кейін үшеуі жүргізушінің қалтасындағы ақшаны алып, қашып кеткен. Жүргізушінің қалтасында небәрі 32 доллар ғана болған екен. 


Бриттани Картер және Кори Джексон

Такси жүргізушісі бірден полицияға хабарласқан. Полицейлер үшінші жолаушының кім болғанын біле алмай отыр. 

Полицейлер қыздың мұның алдында да есірткі сақтау мен ұрланған көлікті сатпақ болғаны үшін істі болғанын айтады. Қазіргі кезде ол Хэнкок округінің түрмесінде отыр. 60 мың доллар кепіл берген жағдайда ол бостандыққа шыға алады. 

Ал жүргізушіге пышақ тақаған Джексон іздеуде жүр. Ол Лима қаласында адам өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети