1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

25 жастағы зауыт жұмысшысының Bentley маркалы автомобилін ұрлап кетті18 желтоқсан 2017, 13:22

© Bentley © Bentley

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында құбыр зауытында істейтін жұмысшының Bentley маркалы автокөлігін ұрлап кетті, - деп хабарлайды 78.ru құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап. 

25 жастағы ер адам 16 желтоқсанда 2004 жылғы шыққан Continental GT моделін сатып алған. Ол автокөлікті үйінің алдындағы тұраққа қойған. Үш сағаттан соң ол төмен түсіп, тұраққа келгенде біреулердің оның көлігін ұрлап кеткендігін аңғарған. 

Bentley қожайыны полицияға арыз берген. Келтірілген залал мөлшері айтылмаған.