Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

A320 стюардессасы ұшақтың құлауына дейін әуе апаты жайлы сурет жариялаған

20 Мамыр 2016, 10:18
0
© Youm7.com
© Youm7.com

Аirbus A320 ұшағының стюардессасы оқиға болардан бір жарым жыл бұрын Facebook желісінде әуе апаты жайлы жариялаған екен.

Суретте қыздың теңізден су күйінде, қолына жол сандығын ұстап шығып келе жатқаны бейнеленген. Ал оның артында теңізге батып бара жатқан ұшақ көрінеді. "Россия-24" телеарнасының мәліметінше, бұл суретті Самар Эзеддин (Samar Ezz Eldin) 2014 жылдың қыркүйегінде - EgyptAir компаниясына жұмысқа тұрардан бірнеше ай бұрын жариялаған. Дегенмен стюардессаның достары оның мұндай сурет арқылы жамандық шақырғанына сенімді.


© Facebook/Samar Ezz Eldin


Стюардесса Самар Эзеддин. © Facebook/Samar Ezz Eldin

Самар Париж-Каир бағытында ұшқан MS804 рейсінің экипаж мүшелерінің бірі болған. Еске сала кетейік, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша кеше сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Аirbus A320 бортында 56 жолаушы және экипаждың 10 мүшесі болғаны анықталды. ұшақтың бөліктері кеше кешке Грекиядағы Карпатос аралынан табылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай