13 қаңтар 2015 09:51

Air Asia ұшағының екінші "қара жәшігі" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Asia компаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші "қара жәшігі" су астынан табылып, жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости


Air Asia компаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші "қара жәшігі" су астынан табылып, жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Jadayat кемесіндегі сүңгуірлер командасы экипаж кабинасындағы әңгімелердің борттағы тіркегішін тапты. Қазір жазба сақтағыш құралды Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық комитет тергеушілері Jadayat-тан Banda Aceh кемесіне жеткізді", - деді Индонезия көлік министрлігінің өкілі Тонни Будионо.

Жуық арада "қара жәшік" Джакартаға зерттеуге жеткізіледі. Бұған дейін құтқарушылардың жер бетіне параметрлік жазбаны шығарғаны хабарланған еді. Оны зерттеуге екі аптада уақыт кетеді. Сарапшылардың айтуынша, құралдар жақсы сақталған. 

Еске сала кетейік, Air Asia әуе компаниясының ұшағы Сурабая қаласынан Сингапурға 28 желтоқсан күні таңертең ұшқан болатын. Бір сағаттай уақыттан соң ол радар экрандарынан жоғалып кетті. Бортта 162 адам болды. Олардың бәрі қаза тапты. Сурабаяға апаттың 48 құрбанының мәйіті жеткізілді. Ол жерде 200-ден астам сот-медицина сарапшысы жұмыс істеп жатыр, 30-дан астам мәйіттің кімдікі екені анықталды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети