Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

AirAsia Indonesia ұшағы құлаған жерден 40 адамның мәйіті табылды

30 Желтоқсан 2014, 17:05
0
©lifenews.ru
©lifenews.ru

Ява теңізіндегі AirAsia Indonesia әуе компаниясының Airbus ұшағының қалдықтары табылған тұстан құтқарушылар 40-тан астам адамның мәйітін алып шықты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Әскери-теңіз күштерінің радиобайланысы арқылы "Бунг Томо" әскери кемесінен берілген мәліметтерге қарағанда, судан 40 адамның денесі шығарылған, олардың қатары көбейіп жатыр", - деп хабарлады Индонезия Әскери-теңіз күштерінің баспасөз хатшысы Манахан Симорангкир. 

Индонезия Әскери-әуе күштерінің Панкаланбуун қаласындағы базасының қолбасшысы подполковник Джонсон Симатупанг бұл адамдар екі күн бұрын жоғалып кеткен Airbus бортындағылар болуы мүмкін деп шамаланып отырғанын айтты. Симатупангтың айтуынша, мәйіттер табылған жерде толқындар қатты, сол себепті болар, денелер бір-бірінен қашықта жатты.

Индонезияның әуе көлігі саласының сарапшысы Алвин Лидің хабарлауынша, AirAsia Indonesia әуе компаниясының Airbus лайнері суға жақындаған кезде апатқа ұшыраған болуы ықтимал. "Егер әуеде жарылған болса, қалдықтар үлкен аймақтарға шашылып жатар еді", - дейді Ли.

Еске сала кетейік, AirAsia Indonesia компаниясының ұшағы 28 желтоқсан күні Сурабаядан Сингапурға ұшқан еді. Бір сағат өтпей жатып, пилот ауа райына байланысты бағытты өзгертуге рұқсат сұрайды. Оған бұлтты аймақты биікке көтерілмей-ақ айналып өтуге рұқсат беріледі, өйткені бұл аймақта биіктікте басқа да ұшақтар болды. Бұдан кейін AirAsia Indonesia лайнері радар экрандарынан жоғалып кетті, ол апат дабылын қағып үлгермеген. Бұл кезде ұшақ Индонезияның Танджунгпандан қаласынан 100 теңіз милі шамасында болған. Ұшақта 162 адам отырған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай