24 наурыз 2015 21:16

Airbus A320 бортында бомба жарылған болуы мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lifenews.ru ©Lifenews.ru

Ұшқыштар және әуе кемелері иелерінің ресейлік ассоциациясының президенті Леонид Кошелев бүгін, 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының бортында жарылғыш заттың қойылған болуы мүмкін екенін айтты. Сарапшы бұл туралы Lifenews.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 


Ұшқыштар және әуе кемелері иелерінің ресейлік ассоциациясының президенті Леонид Кошелев бүгін, 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының бортында жарылғыш заттың қойылған болуы мүмкін екенін айтты. Сарапшы бұл туралы Lifenews.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Ұшқыштар диспетчермен сөйлесе алмады, тек апат белгісін берді, бұдан ұшақтың ішінде жаралыс болғаны шығады. Авиацияда осыған ұқсас жағдайлар болған, жарылғыш заттың, мәселен бомбаның жүк қоймасына қойылған жағдайлары бар. Мұндай жағдайда не болады - жарылыс, содан кейін ұшақ герметикасы бұзылады, байланыс үзіледі, себебі электроника істен шыққан", - деді Кошелев.

Сарапшы әуе апатының ұшқыштардың кінәсінен болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарып отыр, себебі, оның ойынша, Germanwings компаниясының ұшқыштары аса тәжірибелі. Ол, сонымен қатар, апат әуе кемесінің істен шығуынан болуы мүмкін емес екенін де ескертті.

"Ұшақтың қолданыста болғанына көп жыл өткендіктен осындай жағдайлар кездеседі деген оймен түбегейлі келіспеймін, себебі жаңадан шыққан ұшақтың ескі ұшақтан жақсы болуы мүмкін емес. Мұнда басты мәселе - ұшаққа қалай қарағандары (техникалық жағдайын бақылап отыруын айтып отыр - Авт.). Germanwings неміс компаниясының ұшағы істен шықты дегенге сену қиын, бұл біртүрлі сценарий", - дейді сарапшы. - Ұшқыштардың кінәлі болып шығуы екіталай. Бортта бір күрделі жағдай болған шығар, ішіндегі адамдар апаттың алдын ала алмады".

Сарапшы Франция президенті Франсуа Олландтың апаттан ешкімнің тірі қалмаған болуы мүмкін деген сөзімен келісетінін жеткізді. Оның айтуынша, ұшақ жерге құлаған кезде аман қалуға деген мүмкіндік нольге тең.

Еске сала кетейік, GERMANWINGS компаниясының ұшағы Airbus A320 Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алып келе жатып, апатқа ұшыраған болатын. Әуе лайнерінің бортында 142 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Болжам бойынша, оның барлығы қаза тапты. Франция президенті Франсуа Олландтың айтуынша, ұшақтың сынған бөліктері қол жеткізуге қиын аймақта жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети