Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Airbus A321 лайнерінің апатқа ұшыраған жерінің суреттері мен видеосы пайда болды

31 Қазан 2015, 23:04
1
Суреттерді Мысыр БАҚ-тары жария етті
Суреттерді Мысыр БАҚ-тары жария етті

Желіде ресейлік Airbus A321 лайнерінің апатқа ұшыраған орнының суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Lifenews.ru. Ұшақ Мысырдағы Синай түбегінде құлаған болатын. 

Мысырдың БАҚ-тарында жария болған кадрларда ресейлік ұшақтың фюзеляжының түгелдей жанып кеткенін көруге болады. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар қирандының астынан қаза болғандардың мәйіттерін шығарып жатыр. Айта кетейік, лайнердің құлаған жеріне құқық қорғаушылар тілшілерді жібермей жатыр. 

Сонымен қатар, Мысырдың әскери ұшағының әуе апатында қаза болғандардың бірінші легін Каирға жеткізгені хабарланып отыр. Бұл туралы ТАСС жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Еске сала кетейік, 31 қазанда "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus А321 лайнерімен 9268 Шарм-эль-Шейх - Санкт-Петербург рейсі кезінде байланыс үзілген еді. Бұл мәліметті Росавиация өкілдері растады. Ұшақтың 1,5 шақырымға дереу биіктік жоғалтқаны, кейін радар экрандарынан жоғалып кеткені хабарланды. Ресей ТЖМ қызметтері жоғары дайындықтағы режимге өтті. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді.

Байланыс үзілер алдында ұшқыш Каир әуежайында қонуға рұқсат сұраған. Бұл туралы әуежай қызметкерлері мәлімдеді. Осыдан кейін лайнердің апатқа ұшыраған орны белгілі болды. Ұшақтың бортында 224 адам болды, оның ішінде жетеуі экипаж мүшелері, қалғандары 217 жолаушы.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай