23 сәуір 2017 13:37

American Airlines қызметкері балаларын көтеріп келе жатқан жолаушыны ұрып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

American Airlines әуе компаниясының жолсерігі жолаушылардың айтуынша, баласын көтерген әйелді балаарбамен ұрып жіберген, - деп хабарлайды АВС. Ол осы әрекеті үшін уақытша жұмыстан босатылды. 


American Airlines әуе компаниясының жолсерігі жолаушылардың айтуынша, баласын көтерген әйелді балаарбамен ұрып жіберген, - деп хабарлайды АВС. Ол осы әрекеті үшін уақытша жұмыстан босатылды. 

Оқиға 21 сәуірде Сан-Франциско - Даллас рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде болған. Осы оқиғаның видеосын жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялаған. Тура оқиғаның басы түсірілмеген, алайда видеоны түсірген адам былай деді: "Құдайым-ау! Жол серік әйел адамның қолынан балаарбасын жұлып алып, соққы жасады, сәбиге тиіп кетуге сәл-ақ қалды".  

Әуе компаниясының өкілі осы іс бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Жанжал әйелдің ұшақ бортына балаарбаны кіргізуге бола ма?  - деп сұрауынан басталған. "Біз ол әйелден және оның отбасынан, сонымен қатар осы оқиғадан жаман әсер алған барлық жолаушылар мен клиенттердің алдында кешірім сұраймыз", - делінген компанияның мәлімдесінде. Сонымен қатар, әйелге балаларымен бірге жоғарғы санаттағы қызмет көрсету бөліміне ауыстырылған, ал жол серік тергеу аяқталғанша қызметінен уақытша босатылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети