Apple Disney студиясын сатып алуы мүмкін

28 Наурыз 2017, 20:59
0
Apple Disney студиясын сатып алуы мүмкін -

Сарапшылар америкалық Apple корпарациясы Apple студиясын сатып алуы мүмкін, - деп хабарлайды Business Insider басылымы Wall Street Journal журналына сілтеме жасап. 

iPhone өндірушілерінің есеп шотында 200 миллиард доллардан аса қаражаттың бары айтылады. RBC компаниясының срапшысы Стивен Кэхолдың ойынша, Apple осы қаражатты Disney студиясын сатып алуына болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл ең табысты инвестиция болады. Себебі Disney студиясы түсірген "Холодное сердце" анимациялық фильмі ең көп табыс тапқан туынды болып саналады. Сонымен қатар, 2016 жылы Disney студиясының  тағы бес туындысы жақсы табысқа кенелді. Олар  "Первый мститель: Противостояние", "В поисках Дори", "Зверополис", "Книга джунглей" және "Изгой один: Звездные войны. Истории".

Еске салайық, Disney өткен жылы киностудиялар арасында жеті миллиард доллар табыс тауып, рекорд орнатты. Disney компаниясының атқарушы директоры Боб Айгер 2011 жылдан бері Apple компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі. Ол осы компанияда бірнеше миллион долларлық акциясы бар. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай