Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Bild апатқа ұшыраған A320 "қара жәшігіндегі" стенограмманы жариялады

30 Наурыз 2015, 08:34
0
©Bild.de
©Bild.de

Немістің Bild апталық газеті 24 наурызда Францияның оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының "қара жәшігіндегі" стенограмманы жариялады, - деп хабарлайды "Росийская газета".

Неміс басылымы жазбаның шамамен бір жарым сағатқа созылатынын және оның әзірше құпия күйінде сақтаулы екенін жазады. Десе де, газет тілшілерінің қолына түскен үзінділерден қайғылы оқиғаның соңғы минуттарындағы жағдайды аңғаруға болады.

Жазбаға қарағанда, Germanwings әке компаниясының 4U9525 рейсі Барселонадан Дюссельдорфқа ұшар алдында 26 минутқа кешіккен. Бортында 144 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі бар лайнер жергілікті уақыт бойынша 10.01-де ұшқан.

Ұшу кезінде әуе кемесінің капитаны, бірінші ұшқыш Патрик Зондерхаймдер жолаушылардан рейстің кешіккені үшін кешірім сұрап, тезірек жетуге тырысатынын айтады. Стенгораммаға қарағанда, бірінші ұшқыш шын мәнінде кабинадан (мүмкін дәретханаға) шығып кетеді. Жазбада капитанның Андрес Лубитцке Барселонада дәретханаға барып үлгермегенін айтқанын естуге болады. 

Лубитц оған ұшақ басқаруын "әр уақытта" қабылдауға дайын екенін айтады. Бірақ капитан бастапқыда бұл ұсынысты қабылдамайды. 10.27-де, ұшақ 11 600 метр биіктікке жеткенде Зондерхаймер Дюссельдорфқа қонуға дайындық жасауды талап етеді. 

Қонуға дайындық жасалғаннан кейін екінші ұшқыш капитанға "Енді сен барып келуіңе болады" дейді. Екі минуттан кейін капитан жауап береді: "Қабылда". Содан кейін қара жәшіктегі жазбада орындықтың артқа қарай шегерілгені, кейін есіктің жабылғаны естіледі. Сағат 10.29. Бұл уақытта радар ұшақтың төмендеуін бірінші рет тіркейді. 10.30-да лайнер 100 метрге төмендейді. Ал бір минуттан кейін 600 метрге төмендейді. 

10.32-де лоцмандар жерден байланыс орнатқысы келеді, бірақ жауап ала алмайды. Машинада автоматты түрде істейтін дабыл қаққыш іске қосылады. Бұдан кейін қатты соққы естіледі, біреу есікті бұзып кіргісі келетіндей. 10.35-те кабина есіктерін біреудің қаттырақ соққылағаны естіледі. Машина 7000 метр биіктікте ұшып келе жатады. 

90 секундтан кейін автоматтандырылған жаңа ескерту ағылшын тілінде жасалады: "Terrain - Pull up - Pull up". Airbus 5 мың метр биіктікте болады. Жазбада капитанның кабинаға кіргісі келіп жатқанын естуге болады. Бастапқыда ол Лубитцтен есікті ашуды өтінеді, кейін ұрыса бастайды да, есікті бұзып ашқысы келеді. Капитан "Мына сайтан алғыр есікті аш!" деп айқайлайды. 

10.38-де лайнер бар жылдамдықпен Альп тауларына қарай жақындап келе жатады. Airbus 4000 метр биіктікте. Ұшқыштар кабинасында Андреас Лубитцтің тыныс алғаны естіледі. 10.40 шамасында ұшақ оң қанатымен тауларға соғысады, соққы жазбадан естіледі. Содан кейін жолаушылардың айқайлап жатқанын білуге болады. Неміс газеті мұның "қара жәшіктегі" соңғы жазба екенін хабарлады.

Айта кетейік, Интернетте 4U9525 рейсінің соңғы минуттарында жазылған делінген жазба пайда болды. Жазбада жолаушылардың айқайы мен соққылар естіледі. Бірақ бұл аудиожазбаның түпнұсқа екені расталмады. 

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Тергеу кезінде апаттың екінші ұшқыш Андреас Лубитцтің әрекетінен болғаны анықталды. Ол әріптесі шығып кеткен кезде кабинаның есігін құлыптап алған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, Лубитцтің денсаулығы нашар болған. 

Апатқа ұшыраған А320 ұшағының екінші ұшқышы Андреас Лубитц.

"Эхо Москвы" басылымы Дюссельдорфтың прокуратурасына сілтеме жасай отырып, әуе апатын тергеудің алдын-ала қорытындылары 30 наурызда жария болуы мүмкін екенін жазады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай