15 қаңтар 2015 10:57

Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасағаны үшін лаңкестер 20 мың доллар алған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әл-Каида" лаңкестік ұйымы, кейбір деректерге қарағанда, Charlie Hebdo редакциясына шабуылдағандарға 20 мың доллар төлеген. Бұл туралы ABC News басылымына арнайы қызметтің екі өкілі айтып берген.


"Әл-Каида" лаңкестік ұйымы, кейбір деректерге қарағанда, Charlie Hebdo редакциясына шабуылдағандарға 20 мың доллар төлеген. Бұл туралы ABC News басылымына арнайы қызметтің екі өкілі айтып берген.

Бұған дейін "Арабия түбегінің "Әл-Каида" лаңкестік құрылымының (АТӘК) Йемендегі филиалының өкілдері нысанды таңдаумен, жоспарды құрумен және операцияны қаржыландырумен өздері айналысқанын мәлімдеп, Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасаған ағайынды Шериф пен Саид Куашилерді "батырлар" деп атаған еді.

Бірақ арнайы қызметтер журналистерді атып тастаған лаңкестердің АТӘК-пен байланысын әзірше тапқан жоқ. Шенеуніктер алдын ала қаржы алған ағайынды Куашилердің АТЭК-тың қосымша қолдауынсыз-ақ істі ары қарай жалғастыра бере алатын мүмкіндігі болғанын айтады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Шериф Куаши 2011 жылы Йеменге барып, "Әл-Каиданың" жергілікті көшбасшысы Анвар әл-Авлакимен кездесуі мүмкін. Америкалық ұшқышсыз ұшағы сол жылдың қыркүйек айында Анвар әл-Авлакидің көзін жойды.

Еске сала кетейік, Франциядағы лаңкестіктер 17 адамның өмірін қиды. 7 қаңтар күні Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. 8 қаңтарда француз астанасының шетінде орналасқан Монружда ер адам автоматты қарумен полиция қызметкері мен жол қызметі агентін атып тастады. Әйел қаза тапты, ер адам ауыр жағдайда аурухағана жеткізілді. 7 қаңтарда шабуыл жасаған ер адам екі бірдей Калашников автоматымен Париждің Венсенкий қақпасы маңындағы супермаркетке басып кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алды. Арнайы қызметтер дүкенге шабуылдап, қылмыскер оқиға орнында өлтіріледі. Адамдарды кепілге алу кезінде 4 адам қаза тапты. Шабуылдаған ер адам 32 жастағы Амеди Кулибали болып шықты. Ол - ағайынды Куашилердің танысы. Charlie Hebdо редакициясына шабуылдаған ағайынды Саид пен Шериф Куашилер 9 қаңтарда Даммартен-ан-Гоэль қалашығында өлтірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети