30 қараша 2014 10:46

Financial Times Донбаста қаза болған Ресей әскерлерінің санын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© korrespondent.net © korrespondent.net

Украинамен қақтығысы кезіндегі бес айда Ресей АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен айрылса, РФ-ның  КСРО-ның Ауғаныстан жеріндегі 9-жылда құрбан болған  үштен бір бөлігімен тең келетіндей адамы өлген екен. "Бұл жөнінде британдық Financial Times басылымы жазады", -  деп хабарлайды, TCH.ua.


Украинамен қақтығысы кезіндегі бес айда Ресей АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен айрылса, РФ-ның  КСРО-ның Ауғаныстан жеріндегі 9-жылда құрбан болған  үштен бір бөлігімен тең келетіндей адамы өлген екен. "Бұл жөнінде британдық Financial Times басылымы жазады", -  деп хабарлайды, TCH.ua.

"Алайда Ресейдің оны мойындағысы жоқ. Дәл солай кезінде КСРО да Ауғаныстан соғысы жайында шындықты айтпаған", - деп жазады басылым. Шетелдік БАҚ-тың пікірінше, тіпті М.Горбачевтың тұсында сөз бостандығына Ресейдің қазіргі Президенті Путин басқарып отырған кездегідей  шек қойылмаған. Десек те, ақпараттық технология дамыған мына заманда қандай да бір жаңалықты жасырып қалу қиындау.

"Мойындай керек, Донбастағы мемлекет аралық соғыс 1945 жылдан бергі еуропалық бірінші соғыс. Украинадағы қарулы қақтығыстың зардабы, кім не айтса да, Ауғаныстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей соғыс. Бұл  жай шиеленіс емес", - деп толықтырыпты мақаласын сөз болып отырған басылым.

Украина жақтан қарулы қақтығыстар жайында ақпараттар үсті-үстіне таралып жатыр. Кеше "Украинская правда" "Азов"  арнайы полкінің қарсыластарының барлау тобын талқандағанын хабарлаған-ды. Қаза болғандар жоқ емес.

Тағы бір айта кетерлігі, Украина қарсыластарымен келіссөз жүргізіп, бір бірімен тұтқынға алынған алты әскерімен айырбасқа қол жеткізіпті.

29 қараша күні Донецк мен Луганск халық республикаларының Қарулы күштері 26 шабуыл жасапты.
Бірнеше сағатқа созылған майданда Украинаның екі жауынгері қаза болып, 15-і жарақат алыпты. Айта кетейік, бұл қақтығыс "әуежайда болды" деп жазған LB.ua әуе-десант әскерінің 95-бригадасының жауынгерлеріне сілтеме жасаған болатын.
Бірақ әуе- десант әскері Жоғарғы кеңесінің вице-спикері Денис Пушилин бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети