05 қазан 2017 16:53

"Instagram королі" Лас-Вегастағы қырғын кезінде жасаған әрекеті үшін сынға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SantaBanta © SantaBanta

Өзін "Instagram королі" санайтын Дэн Билзерян Лас-Вегаста атыс кезінде түсірген видеосымен фанаттарының көңілін қалдырды, - деп хабарлайды The Independent.


Өзін "Instagram королі" санайтын Дэн Билзерян Лас-Вегаста атыс кезінде түсірген видеосымен фанаттарының көңілін қалдырды, - деп хабарлайды The Independent.

Олар танымал миллионердің оқиға орнынан қашып кеткеніне наразылық білдірді.   

Видеода ер адам оқиға орнынан қашып бара жатып, жағдайды баяндайды. Оның бұл әрекеті Желі қолданушыларының ашуын келтірді, себебі Билзерян талай рет өзінің батылдығын айтып мақтанудан босамайтын. 

Өз кезегінде Билзелян қаруына қарай жүгіргенін айтады. Ол атқышқа жауап қайтармақшы болған. Алайда ол оқиға орнына қайтып келгенде, қылмыскер қаза тапқан. 

"Бәрінен менің үйіме ұры түссе мен оны қандай қарумен күтіп алатынымды білмей қалудан қорқамын", - деп жазған еді ол Instagram желісіндегі парақшасында.  

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети