Malaysia Airlines: Үнді мұхитында "күдікті нысандар" табылды

24 Наурыз 2014, 11:11
0
Malaysia Airlines: Үнді мұхитында "күдікті нысандар" табылды - Спутниктен сурет bbc.co.uk
Спутниктен сурет bbc.co.uk
Қытайдың іздеу ұшағының экипажы Үнді мұхитында "күдікті нысандар" табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Халықаралық іздеу операциясы Үнді мұхитының оңтүстігінде, Австралияның оңтүстік-батысында жүріп жатыр. Осы аймаққа әлемнің бірнеше елінің ұшақтары, әуе кемелері тартылған. Бұған дейін Австралияның теңіз қауіпсіздігі басқармасы Перт қаласынан 2,5 шақырымдай жерде екі нысанның анықталғаны туралы хабарлаған болатын.

АҚШ Malaysia Airlines іздеу жұмыстарына жоғарғы технологиялы дыбыс локаторы Towed Pinger Locato құрылғысын бағыттады. Бұл құрылғы ұшақ бортының қалдықтары табылғанда оны анықтауға септігін тигізеді.

Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері 8 наурыз түні ешқандай белгі берместен радардан жоғалып кеткен. Соңғы байланыс кезінде ол Малазия шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде болған.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай