15 наурыз 2014 13:07

Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағын басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деген болжам бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото planespotters.net сайтынан алынды Фото planespotters.net сайтынан алынды

Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағын басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап. "Малайзия елінің тергеу орындары Malaysian Airlines компаниясына қарасты жоғалған ұшақты мәжбүрлеп басқа бағытқа айдап әкетті деген тұжырымға келіп отыр. Әрине, бұл сенімсіздеу тұжырым болса да іздеу жұмыстары барысында басты тоқтам осыған әкелді. Рас, ұшақтың жоғалуына қатысты қылмыстық әрекеттер әлі анықтала қойған жоқ. Әзірге ұшақты қашан, қай арада басып алғаны да анықталмады. Бірақ тергеу орындары ұшақты мәжбүрлеп айдап әкеттi деген болжамға көбірек тоқталып отыр" - дейді аталмыш басылым. Еске салайық, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған. Куала-Лумпурдан Бейжіңге шыққан ұшақ 8 наурыз күні диспетчерлер радарынан жоғалып кеткен. Айта кету керек, ұшақ диспетчерлер экранынан Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалған болатын. Ұшақты іздестіру жұмысына 50 әскери кеме және 10-ға жуық мемлекеттің әуе кемелері жұмылдырылды. Бірақ іздестіру жұмыстары әлі нәтиже бермеуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети