Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Singapore Airlines ұшағының 20 жолаушысы ауа ағысынан жарақаттанды

19 Қазан 2014, 21:39
0
Фото еркін дереккөздерден алынды
Фото еркін дереккөздерден алынды

Сингапурдан Үндістанның Мумбай қаласына бет алған Singapore Airlines компаниясының жолаушылар тасымалдайтын ұшағы қонар уақытта ауа ағысына тап болғандықтан ондағы сегіз жолаушы мен 14 экипаж мүшесі жарақатанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға сенбі күні жергілікті уақытпен кешкі мезгілде тіркелген. Алайда зардап шеккендер туралы ақпарат тек жексенбіде ғана белгілі болды, - деп хабарлайды AFP агенттігі тасымалдаушының мәліметіне жүгініп.

Әуекомпаниясының мәліметіне қарағанда, ұшақ қонар уақытта ауа ағысына кезіккен. Ұшақ бортында 408 жолаушы мен 25 экипаж мүшесі болған.

Сегіз жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі жергілікті ауруханаға жатқызылып, дәрігерлік көмек көрсетілген кейін екі жолаушыдан басқасы ауруханадан шығарылған, ал жарақат алған төрт адам медициналық көмекті қажетсінбеген.

Оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер анықталу үстінде.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай