SpaceX жаңа Crew Dragon кемесінің қозғалтқыштары тәжірибе кезінде сәтсіздікке ұшырады

21 Сәуір, 11:20
0
SpaceX жаңа Crew Dragon кемесінің қозғалтқыштары тәжірибе кезінде сәтсіздікке ұшырады - © SpaceX
© SpaceX

SpaceX жаңа Crew Dragon кемесінің қозғалтқыштары тәжірибе кезінде сәтсіздікке ұшырады, - деп хабарлайды SpaceNews.

Компания өкілдерінің мәліметінше, тестілеу аномальды аяқталған. Жергілікті БАҚ өкілдері тәжірибеден өткізу аймағында сарғыш түтіннің көкке көтерілген суреттерін жариялады. 

Сrew Dragon ғарыш кемесінің қозғалтқыштары сынақтан өткізілді. Оның көмегімен SpaceX басшысы Илон Маск ғарышкерлердің ХҒС-қа жеткізу және кері қайтаруды жоспарлап отыр. Алайда кеменің сынақтан өткізу капсуласында қандайда бір ақау пайда болған. 

"Бастапқыдағы тәжірибелер сәтті аяқталды, алайда соңғы тестілеу сынақтан өткізу стендінде аномалияға алып келді", - делінген SpaceX хабарламасында. Компания өкілдері осы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатқанын және NASA ұйымындағы әріптестерімен тығыз байланыста екенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай