26 қазан 2014 21:29

Total басшысы қайтыс болғаннан кейін Құрметті легион орденінің офицері атағы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристоф де Маржери. ©REUTERS Кристоф де Маржери. ©REUTERS

"Францияның Total мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржери өлгеннен кейін Құрметті легион орденінің офицері атағын алды", - деп хабарлайды Gazeta.ru Le Parisien басылымына сілтеме жасап.


"Францияның Total мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржери өлгеннен кейін Құрметті легион орденінің офицері атағын алды", - деп хабарлайды Gazeta.ru Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Наполеон Бонарпарт енгізген бұл орден тек Отан алдында айрықша еңбек еткендерге ғана беріледі және озық үлгі көрсеткен жандарға тиесілі. Сонымен қатар, құрмет пен қоғам қайраткерінің белгісі. 2003 жылдан бері Кристоф де Маржери төмендеу сатыдағы - Құрметті легион орденінің кавалері атанып келген еді.

Сондай-ақ, ақпаратта "27 қазан күні Парижде де Маржериді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтеді" делінген.

Естеріңізге сала кетейік, Total компаниясының басшысы 21 қазан күні түнде мәскеулік "Внуково" әуежайында орын алған апат кезінде қаза болған-ды. Жекеменшіктегі Falcon-50 ұшағының әуеге көтерілер кезде қар жинайтын машинаны жанап өтіп, аударылып, артынша жанып кеткенін БАҚ-тар жазды. Бизнесменнен басқа бортта тағы үш адам болған. Әуе бортындағы экипаж мүшелерінің үшеуі де отқа оранды.

Тағы бір айта кетерлігі, кейінірек апатқа кінәлі деген айыппен "Внуково" әуежайының төрт қызметкері қамауға алынған еді. Тергеушілердің айтуларына қарағанда, бұл қайғылы оқиға – қамауда отырған әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеулерінің салдары. Ал "қара жәшіктен" алынған мәліметтер экипаж мүшелерінің барлық нұсқауларды дұрыс орындағандарын дәлелдеп берген. Олардың апаттың алдын алуға еш амалдары қалмаса керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети