14 мамыр 2016 18:58

Әблязовтің сыбайласының Лондондағы зәулім үйі бәссаудаға қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© standard.co.uk © standard.co.uk

БАҚ-тың мәліметінше, БТА банкінің басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жарымбетовтың мүлкі делінген виллалар Лондондағы бәссаудаға қойылды. Жылжымайтын мүлік 15,8 миллион долларға бағаланған. Бұл туралы ағылшынның Standard басылымы жазады.


БАҚ-тың мәліметінше, БТА банкінің басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жарымбетовтың мүлкі делінген виллалар Лондондағы бәссаудаға қойылды. Жылжымайтын мүлік 15,8 миллион долларға бағаланған. Бұл туралы ағылшынның Standard басылымы жазады.

Олардың бірі Winchmore Hill ауданында тұрғызылған үй, бағы, үлкен бассейні және саунасы бар. Ағылшын тілшілері Виргин аралдарында тіркелген Smaland Property Holdings компаниясы арқылы сатып алынғанын анықтаған. Болжам бойынша, осы компания арқылы Жарымбетов құны 5,6 миллион фунт стерлинг болатын үйді 2009 жылы сатып алған. Сонымен қатар, Longwood ауданында орналасқан тағы бір үй сатылымға шығарылған. Оның бағасы - 4 миллион фунт стерлинг.

Ұлыбританияның адвокаттар алқасының басшысы Рэйчел Дэвис өз мәлімдемесінде бұл зәулім үйлер сатылып кетпей тұрғанда, олардың иелерінің аты-жөнін ресми түрде жария етуге шақырды. 

Еске салайық, 2009 жылы Қазақстанның Бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовқа, банктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетовқа және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғағад еді. Экс-банкирлерге бөтеннің мүлкін иемденді және жаратты деген айып тағылды. 2013 жылы Англияның Жоғарғы соты БТА банкінің пайдасына шешім шығарған еді. Қазіргі уақытта Жарымбетовтың қайда екені белгісіз.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети