Адамдар терезеден секірген. Кемероводағы сауда орталығында өрт салдарынан 37 адам қаза тапты

26 Наурыз 2018, 09:03
0
Адамдар терезеден секірген. Кемероводағы сауда орталығында өрт салдарынан 37 адам қаза тапты - Сурет РФ Кемеров облысы ТЖМ қызметінен
Сурет РФ Кемеров облысы ТЖМ қызметінен

Ресейдің Тергеу комитеті Кемерово қаласындағы сауда орталығында шыққан өрт салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жеткені туралы растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі уақытта 37 адамның Кемерово қаласының орталығындағы сауда орталығында шыққан өрттен қаза тапқаны белгілі болды. Үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін өңірдегі жедел әрекет ету қызметіндегі дереккөз мәліметінде 69 адамның (оның ішінде 40 бала) із-түссіз жоғалып кеткені жайлы айтылған еді. Зардап шеккендердің көбі ауруханада жатыр. 

Жексенбіде күндізгі уақытта төрт қабатты сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы - мың жарым шаршы метр. Шатыры опырылды. Өрт толығымен сөндірілді. 

Mash Telegram-арнасы өрттің кинотеатрда шыққаны туралы хабарлады. 100-ден аса адам эвакуацияланды. 

Соныңмен қатар, әбігерге салынған адамдардың жоғарғы қабаттағы терезелерден секіріп жатқаны туралы хабар түсті. 

Ескерту! Психикасы әлсіз әрі 18 жасқа толмаған балаларға көруге тыйым салынады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай