28 желтоқсан 2014 18:13

Адриат теңізінде екі сауда кемесі түйісіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mail.ru ©mail.ru

28 желтоқсан күні Адриат теңізінде, Италияның Равенна портына жақын маңда екі сауда кемесі соқтығысып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.


28 желтоқсан күні Адриат теңізінде, Италияның Равенна портына жақын маңда екі сауда кемесі соқтығысып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қос кеменің бірінде Түркияның туы, бірінде Белиздің туы болған. Түйісіп қалған кемелердің бірі суға батып кетті. Оқиға салдарынан 11 адам із-түссіз жоғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, кемелердің соқтығысуына көріну мүмкіндігінің нашарлауы себеп. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, адамдарды құтқаруға өртке қарсы қызметтің тікұшағы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Италияның Лампедуза аралы жағалауында босқындар тиелген қайық суға батып кеткен еді. Ол кезде 274 адам қаза тапты. Су көлігінде барлығы 500-ге жуық адам болған. Бұдан бірнеше ай бұрын Африка мигранттары мінген шағын кеме Ливия жағалауында аударылған болатын. Италияны бетке алған су көлігіндегі 53 адамның 31-і теңізге батып кетті. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети