06 шілде 2015 17:42

Ажырасулардың ең басты себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Helprazvod.ru ©Helprazvod.ru

Әлеуметтік желілерде өте жиі қолдану отбасының ыдырауына себеп болады, бұл жайында неке істері бойынша мамандандырылған қытайлық заңгерлер айтып отыр, - деп хабарлайды bbc.com.


Әлеуметтік желілерде өте жиі қолдану отбасының ыдырауына себеп болады, бұл жайында неке істері бойынша мамандандырылған қытайлық заңгерлер айтып отыр, - деп хабарлайды bbc.com.

Заңгерлердің айтуынша, күйеулер мен әйелдер бір-бірімен сөйлесуге көп уақыт жұмсаудың орнына желіде қарым-қатынас жасауға тым көп уақытын арнайтын көрінеді. 

"Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Қытай Халық Республикасында ажырасулардың саны күрт көбейіп кеткен, ал бұған дейінгі 10 жылда ажырасу деңгейі жыл санап азайып келген еді. Сонымен қатар, ажырасу процесі соңғы уақытта оңайлап кетті", - делінген жарияланымда. 

Интернет-ресурстың мәліметі бойынша, соңғы кезде тағы бір пайда болған құбылыс - "өтірік ажырасу": жұптар ажырасып, жылжымайтын мүлкін есептесіп алғаннан кейін қайтадан қосылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети