16 қазан 2017 14:15

"Аққұба жесір" лақап атымен танылған ДАИШ лаңкесі 12 жастағы баласына адам бауыздауды үйреткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салли Джонс пен ұлы Джо Джордж Диксон Салли Джонс пен ұлы Джо Джордж Диксон

ДАИШ құрамына қосылған Ұлыбритания тумасы Салли Джонс ұшқышсыз ұшақтың соққысынан қаза тапқанға дейін 12 жастағы ұлына адамдарды бауыздауды үйреткен. Ол эксперимент ретінде ешкілерді пайдаланған, - деп хабарлайды The Sun.

Джо Джордж Диксон бала ДАИШ құрамында жүргенде Хамза Хуссейн деген есім алған. Басылым мәліметінше, әйел ғана емес біраз лаңкес баланы зорлық-зомбылыққа үйреткен. Сонымен қатар лаңкестер балаға қаруды және қол гранатасын қалай пайдалануды үйретіп, жаттықтырған. 

Әйелдің лақап аты "Аққұба жесір" (White Widow) болған, себебі оның күйеуі әуе соққысы кезінде қаза тапқан. Айта кетейік америкалық дронның соққысы салдарынан 50 жастағы Салли Джонспен бірге оның 12 жастағы ұлы да мерт болған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети