АҚШ халқы қызын зорлаған ер адамды өлтірген әкені босатуды сұрап жатыр

10 Қаңтар 2017, 15:22
0
© Georgia Newsday
© Georgia Newsday

АҚШ тұрғындары Алабама штатының 43 жастағы тұрғыны Джей Мейнорды босатуды өтінген петиция жариялады, ол қызын зорлаған адамды өлтірген, - деп хабарлайды РИА Новости

"Джей Мейнор өзінің қызын зорлаған адамды өлтіргені үшін 40 жылға сотталды. Ол қоғамға қауіп тудырмайды. Ол жақсы жігіт. Біз оның бостандыққа шыққанын қалаймыз", - делінген АҚШ президенті Барак Обама мен Алабама губернаторының атына жазылған петицияда. 

Сот Мейнорға өткен жылдың қараша айында үкім шығарған. 2014 жылы ол 59 жастағы Реймонд Эрл Бруксты өлтіргенін мойындаған, ол оның қызының анасы жағынан өкіл ағасы болған.

2002 жылы Бруксті сегіз жастағы Джулия Мейнорды зорлағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырған. 27 айдан соң ол шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Түрмеден босап шыққан Брукс Алабама штатына қайта оралып, жәбірленушінің үйінен алыс емес жерге қоныстанған. "Менің әкем мені қорғағысы келді, кез-келген әке солай жасайтын еді. Ол - керемет әке, бізді қатты жақсы көреді", - деді Джулия Мейнор жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Қыз өзін зорлаған адамға шығарылған сот үкімімен келіспейді.

"Ол менің балалық шағымның тас-талқанын шығарды, сөйтіп небәрі бір жарым жылдан аса уақыт қана түрмеде болды. Мен әлі күнге дейін Реймондтың жасаған қорлығынан зардап шегіп келемін. Бұл әділетсіздік", - деді Джулия. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай